Елордалық мектеп оқушылары «қашықтықтан оқытуға» көшті

Еске сала кетейік, синоптиктер 30 градустық аяз болады деп болжап отыр, осыған байланысты Астана әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады.

Астанада аптаның алғашқы күні саршұнақ аяз орнап, жер көктайғақ мұзға айналды. Қала тұрғындары мен қонақтары жарақат алу, үсік шалу секілді жағдайларға ұшырамас үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағаны және далада ұзақ уақыт болмағаны жөн.

«Астанада бұл күндері қатты көктайғақ болып тұр. Ал қаланың жолдары мен көшелеріне үнемі құм-тұз қоспасы себіліп тұрады. Елорда тұрғындары мен қонақтары тайғанап құлап, жарақат алмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауы керек. Автокөлікті басқару кезінде — жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтау», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий