Елордалық білім басқармасының бұрынғы басшысы не үшін жұмыстан босатылды

Нұр-Сұлтанның білім департаментінің басшысын неліктен қызметінен бостаылғаны белгілі болды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан білім департаментінің бұрынғы басшысы қызметінен кететіні туралы ақпарат тараған болатын. Бірақ неліктен жұмыстан кететіні хабарланбаған еді.

Бүгін Нұр-Сұлтан білім басқармасының басшысы қызметінен кеткен Шәкәрім Сейсенбай балабақша меңгерушісі лауазымына бұрын сотты болған азаматты заңсыз жұмысқа орналастырғаны үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен аз. Ш. Сейсенбай бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.

Ол бұрын екі бап бойынша сотталған қызметкерді балабақша меңгерушісі лауазымына қабылдады:

176-бап, ҚР ҚК-нің 3-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету»;

317-бап, ҚР ҚК-нің 1-бөлігі («Мемлекеттік рәміздерді қорлау»).

ҚР Еңбек кодексінде көзделген нормаларға сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне басшылық лауазымға орналастыруға жол берілмейді. Еңбек заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес бұл шектеу квазимемлекеттік сектордағы қатардағы лауазымдарға қолданылады.

«Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астаналық департаментімен 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 5-і мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға теңестірілген тұлғалар болып табылады. Өндіріп алынған айыппұлдар сомасы 2,1 млн.теңгені құрады», — деп қорытындылады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

31 қазанда Шәкәрім Сейсенбай Нұр-Сұлтан білім басқармасының басшысы қызметінен кеткенін айтты, бірақ әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарламады.

Добавить комментарий