Елордадағы асханада тағы да газ баллоны жарылды

Нұр-Сұлтандағы Нұрлы Жол вокзалы маңындағы асханада газ баллоны жарылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады елорданың ТЖД баспасөз қызметі.

Жарылыс 1 желтоқсанда сағат 22:14-те Байтұрсынов көшесі, 43/2 үйде болды.

Жаңа құрылыс аумағында асханаға ретінде жабдықталған контейнер ашық жалынмен өртенді. Өрт аумағы шамамен 150 шаршы метрді құрады, сондай-ақ жанында тұрған ағаш құрылғылар да жанып жатты.

ТЖД хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, газ баллоны жарылғаннан кейін өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер асханадан төрт газ баллонын алып шықты.

«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады. Өрт орнында барлығы төрт техника мен 23 жеке құрам жұмыс істеді», — деп хабарлады Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада Нұр-Сұлтанда Halalbrothers кафесінде жарылыс болды. Газ баллонының жарылуынан ас үй бөлмесінің төбесі опырылып түскен. ТЖ нәтижесінде осы кафеде ыдыс жуушы болып жұмыс істеген 1968 жылы туған әйел қаза тапты. Кейінірек ауруханада үйінділердің арасынан құтқарылған 24 жастағы жігіт көз жұмды.

Жарылыстан барлығы 34 адам зардап шекті, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің барлығы кафе қызметкерлері болып табылады: аспаздар, жұмысшылар, курьерлер.

Добавить комментарий