Елордада Құтқарушылар саябағы ашылды

Нұр-Сұлтан әкімдігі Құтқарушылардың құрметіне аталған саябақ ашылғанын хабарлады.

Жасыл аймақ Янушкевич пен Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан, балалар мен ересектерге арналған аймаққа бөлінді. кедергі жолақтарын қоса алғанда экстрим-спортын қолдау үшін түрлі жастағы санаттарға арналған паркур-алаң орналасқан. Сол сияқты қала тұрғындарына арналған тыныш демалыс аймағы бар және азаматтық қорғау қызметінің үздіктеріне арналған құрмет тақтасы орнатылды. Ал көпір жағында «Public art» суреттелген. Сондай-ақ, аумақта 1964 жылы шыққан АЦ-30 МАЗ 205 арнайы өрт сөндіру машинасы орнатылған.

«Аумақ әлі де жетілдіріліп, толықтырылатын болады. Бізге қала тұрғындары бос уақытын денсаулығына пайдалы етіп өткізетін орындар құру маңызды. Биыл біз 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саламыз. Жалпы алғанда, 70-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістіктің жұмысы аяқталып, ашылғалы тұр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Былтыр Нұр-Сұлтанда 76 гектар аумақ абаттандырылған. Бұл 150 аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар).

Добавить комментарий