Елордада полицейлер есірткінің ірі партиясының таралуының жолын кесті

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткінің ірі партиясымен есірткі сатушы ұсталды, ол Нұр-Сұлтан аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан.

Ұстау операциясын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы Сейфуллин көшесінде 32 жастағы ер адам тізгіндеген көлік тоқтатылды. Тінту барысында ұсталған адамның көлігінен «гашиш» (каннабистік есірткі тобы) есірткі заты салынған 27 полиэтилен орамасы бар пакет, сондай-ақ салмағы 2 кг-ға жуық гашиш полиэтилен салынған борсетка табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ол УҰИ-ге қамалды.

Добавить комментарий