Елордада ерекше балаларға арналған алаңдары бар саябақ ашылды

Елордада серуендеуге және жайлы демалуға арналған жаңа қоғамдық орын ашылды. Алматы ауданы Промышленный тұрғын алабында спорт алаңымен және ойын аймақтарымен жабдықталған сквер ашылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Саябақта жарықтандыру және суару жүйесі толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, мұнда тұрғындардың барлық талаптарына сай келетін, заманауи тренажерлары бар спорт алаңы салынды. Мұнда балалардың ойын аймағы да орнатылған.

Саябақ тұрғызу кезінде ерекше балалардың қажеттіліктері ескерілді. Олар үшін ойындарға арналған арнайы құрылғылар орнатылды.

Ашылу күні шағын аудан тұрғындарының қатысуымен сенбілік ұйымдастырылып, оның барысында 40 қарағай отырғызылды.

Жалпы, «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» шеберлік жоспары бойынша елорда біртіндеп осындай скверлермен толығатын болады. Оларды бос жатқан алаңдарда да, бұзуға бекітілген құрылымдары бар жер учаскелерінде де салу жоспарлануда.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін аулаларды абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. Тек биылғы жылдың өзінде қалада 150 аула мен 50-ден астам қоғамдық кеңістік салынды.

Добавить комментарий