Елордада бала бесінші қабат терезесінен құлап кетті

Нұр-Сұлтанда бала бесінші қабаттан тура көліктің үстіне құлап кетті, сол сәтте күтуші басқа бөлмеде уйықтап жатқан.

25 шілдеде сағат 17:39-да төрт жасар бала Күмісбеков көшесінде тұратын күтушінің үйінде болған, ол орындық арқылы терезеге шығып, 5-ші қабаттан құлап, көліктің үстіне түсті, — деп хабарлайды елордалық ПД.

Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер анасы баласын күтушіге қалдырып, өзі Бурабайға демалуға кеткенін анықтады.

Сол күні сағат 19:30-да 6 жасар қыз Қосшығұлұлы көшесіндегі үйдің терезесіне шығып, екінші қабаттан жертөленің күнқағарына құлап түсті. Баланың әкесі сол уақытта көшеде болатын.

26 шілдеде аудандық полиция бөліміне ауруханаға 5 жасар бала жеткізілгені туралы хабар түсті. Тексеру барысында түнгі сағат бір шамасында кішкентай қыз С. Кубрин көшесіндегі үйдің 3-қабатындағы терезеден құлап кеткені анықталды. Түрлі деңгейдегі жарақаттармен бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл уақытта баланың ата-анасы үйде болған. Бала өзінің бөлмесінде болған

Добавить комментарий