Еліміздің келешегі: Қазақстан жасөспірімдері болашақта кім болғысы келеді

PISA-2018 әлеуметтік сауалнама аясында Қазақстанның 15 жастағы азаматтарынан 30 жаста қандай жұмыс істегісі келетінін және өздерін қандай маман көретіндері туралы сұралды.

Алынған деректерге сәйкес, жасөспірімдер медицина, білім беру және қарулы күштер сияқты әлеуметтік маңызды қызмет салаларын жиі таңдайды.

Қыздардың таңдауы неғұрлым кең таралған мамандықтарға бағдарланған болса, ал ұлдар әртүрлі қызмет салаларын таңдады.

Дегенмен, мектеп түлектері арасында әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім болашақ мамандығын әлі таңдамаған.

Бұл ретте таңдау жасап үлгермегендердің қатарында қыздарға (17%) қарағанда ұлдар (27%) көп болып шықты.

Осыған байланысты жоғары оқу орындары мен колледждер мектеп оқушыларын кәсiби бағдарлау жөнiндегi жұмысын тұрақты негiзде жүргiзуi тиiс.

Естеріңізге сала кетейік, 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан аспайтын (ҚР Еңбек кодексінің 69-бабы), 16-18 жас аралығындағыларға — аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс істеуге болады. Түнде еңбек етуге болмайды

Добавить комментарий