Қазақстанның барлық аумағында жаңа жылдық Президент шыршалары өтті. Биыл мерекенің тақырыбы — «Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!»
Мерекелік іс-шара 25 желтоқсанда өтті еліміздің түкпір-түкпірінде өтті, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Оған 4 мыңнан астам бала қатысты. Әрбір қатысушы Президент шыршасынан бағалы сыйлық немесе 100 мың теңгелік сертификат алды.
«Мерекелік іс-шара еліміздің барлық қаласы мен облыс орталығында өтті. Биыл шыршаға 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылды. Еліміз бойынша кешке қатысқандардың жалпы саны 4 мыңнан асты. Олар — оқу үздіктері, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар», — деді Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Сейтов.