Елена Рыбакина WTA 1000 Indian Wells турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина халықаралық турнирде жеңісrе жетіп, 1,2 млн АҚШ долларына ие болды. Ол 1 000 рейтинг ұпайын еншілеп, рейтинг кестесінде жетінші орынға көтерілді.

WTA 1000 Indian Wells турнирі бесінші бейресми «Үлкен шлем» болып саналады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Шешуші матчта Рыбакина беларусиялық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді.

«1 сағат 20 минутқа созылған матчтағы алғашқы сет екі жаққа да кескілескен ойын-өрнегінде өтті, тай-брейктегі 24 ұтыс ойынының соңы Рыбакинаға тиесілі болды және ол бесінші әрекетте сетболды жүзеге асырды -7:6 (13:11). Екінші партияда Елена 6:4 есебімен жеңіске жетуіне қол жеткізді. Осылайша, Рыбакина Соболенкодан Аустралия-2023 ашық чемпионатының финалында жеңілгені үшін реванш алды», — деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бұған дейін турнирде Рыбакина Софью Кенин (АҚШ), Паулу Бадос (Испания), Варвара Грачев (Ресей), Каролина Мухова (Чехия), Ига Свёнтек (Польша) және Арина Соболенконы (Беларусь) жеңген.

Федерация Елена карьерасында алғаш рет WTA 1000 сериялы турнирде жеңіске жетіп, осындай жарысты жекелей сында жеңген алғашқы қазақстандық әйел атанды.

«Жалпы алғанда, Рыбакина өз карьерасында төртінші рет жекелей сында (2023 WTA 1000 Индиан-Уэллс, 2022 Grand Slam Wibledon, 2020 WTA 250 Хобарт және 2019 WTA Бухарест) чемпион атанды. Индиан-Уэллсте чемпион атанған Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы 1 262 220 АҚШ долларына ие болды, 1000 рейтинг ұпайын еншілеп, жаңартылған әйелдер рейтингінде 7-ші орынға көтерілді», — деп түйіндеді ҚТФ өкілдері.

 

Добавить комментарий