Елдің азық-түлік қауіпсіздігінде кемшіліктер бар

Қазақстанда құс тұмауы індеті орын алып, нәтижесінде 20 мыңнан астам үй құсы өлді. Жеке шаруашылықтар, фермерлік шаруашылықтар, құс фабрикалары зардап шекті.

Оның айтуынша, жоғары патогенді құс тұмауының өршуі азық-түлік қауіпсіздігінің осалдығын көрсетті.

Құстардың жалпы өлімі жеке аулаларда — 24 мыңнан астам, негізгі екі құс фабрикасында — 500 мыңнан астам басты құрады. Сондықтан жағдай өте күрделі. Бұған қатты мән беру керек.

«Бұл жерде менің шағымдарым бірінші кезекте Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданады. Ветеринарлық шаралармен қатар ауыл тұрғындарын қолдау, аулалар мен құс фабрикаларында құс басын қалпына келтіру бойынша экономикалық құралдарды пысықтау қажет», — деп келтіреді Ақорда Тоқаевтың сөзін.

Сондай-ақ, ол үкімет ветеринарлық қызметті нығайту бойынша кешенді шаралар әзірлеуі керектігін, себебі қауіпсіздік мәселелерінен басқа ветеринарлық қызметтің даму деңгейі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мүмкіндігіне тікелей әсер ететінін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басынан бері 4%-ға өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Статистикалық деректер бойынша 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қарақұмық жармасы, сары май, қой еті, жұмыртқа, сиыр еті бойынша қымбаттау байқалады. Бұл ретте нан мен сүт 8%-ға қымбаттады. Қышқыл сүт өнімдері 7%-ға қымбаттады. Сондықтан өңірлер әкімдеріне азық-түлік тауарларының қорларын тұрақтандыру қорларына қажетті көлемде уақытылы қалыптастыру, сондай-ақ бағаны тежеудің өзге де құралдарын пайдалану маңызды», — деп атап өтті Президент.

Добавить комментарий