Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде биылғы көктемде жарияланған жаппай карантиннің қайталануы болатын-болмайтындығын айтты.
Қазақстан Президенті коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте пандемияның екінші толқыны көптеген тұрғыдан ерекшеленіп, ел экономикасы үшін қиын кезеңде өтетінін айтты.
«Біз мұны ескеруіміз керек. Бүгінде бүкіл әлем белгілі бір салаларды тікелей жоғалтуды ғана емес, сонымен қатар жұмыссыздық немесе білім беру ісіндегі олқылықтар түрлі теріс салдарларға, оның ішінде қылмыстың өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін кейінге қалдырылған әсерді болжайтын «ковид теңдеуі» деп аталатын шешімнің алдында тұр. Сондықтан да қазіргі міндет — көктемгі жаппай карантинге жеткізбей, пандемияны ауыздықтау», — деді Мемлекет басшысы.