Екібастұзда барлық әлеуметтік нысандарды жылу желілеріне қосу аяқталды. Жылумен жабдықтау бойынша жұмыстар аяқталғаны хабарланды.
Хабарланғандай, үйлерді сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Бұл туралы жедел штаб басшысы — премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
7 желтоқсан күнгі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша апат салдарынан зардап шеккен барлық үйлердің кіреберістеріне жылу берілді.
«Жылумен жабдықтау бойынша қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52 және Сәтбаев көшесі, 8 көшелеріндегі 11 үйде тәулік бойы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қалпына келтірілу бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Әкімдіктің call-орталығына және «Екібастұзжылуэнергиясы» абоненттік қызметіне жылыту жүйесінің, оның ішінде жеке сектордың жұмысындағы ақаулар бойынша тұрғындардың көптеген өтініштер келіп түсуде. Барлық өтінімдер бойынша жұмысқа жүргізіліп, ақаулар жойылуда», — деді Роман Скляр.
Ол барлық әлеуметтік нысандарға жылу берілгенін айтты. Мектептерде оқу процесін іске қосу үшін температураны көтеру жұмыстары жүріп жатыр.