Екі айлық баланы кіреберісте қалдырып кеткен

Қарағандыдағы үйлердің бірінің кіреберісінен екі айлық бала табылды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 3 наурыз түн ортасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15 ықшам ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде белгісіз біреу екі айлық сәбиді қалдырып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Шақалақ көрпеге оралған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Сәбидің дені сау және медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 119-бабының 1-тармағы (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер сәбидің анасын іздеп жатыр.

Добавить комментарий