Екатеринбург: Әйел үш баласын тұншықтырып өлтірді

Екатеринбургте әйел жантүршігерлік қылмыс жасады. Ол үш баласын тұншықтырып өлтірді.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, әйелдің психикалық ауытқуы бар. Ол туыстарына балалардың ішіне шайтан кіргенін айтқан.

Әйел өз балаларын өлтіргені нақтыланды. Екатеринбург тұрғыны ұсталғанда ол балалардың денесінің үстінде жатқан.

Шевченко көшесіндегі пәтерлердің бірінен 10 және 15 жастағы екі ұлдың, сондай-ақ бес айлық қыздың денесі табылды. Әйел ұсталды, оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.

Добавить комментарий