ЕЭК коронадағдарысты еңсеру үшін ұсыныстар әзірлеуге дайын

ЕАЭО-да Одаққа мүше елдерде дағдарысты еңсеру үшін ұсыныстар әзірлеу мәселесі қарастырылуда.

Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі ұйымның бюджеттік теңгерім мен қарыз деңгейін тұрақтандыру бойынша үш ел үшін ұсыныстар әзірлеуге дайын екендігін хабарлады.

«2021 жылы ЕЭК Армения, Қазақстан және Ресей үшін орта мерзімді перспективада бюджеттік баланстар мен қарыз деңгейлерін тұрақтандыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу мәселесін қарастырады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап Қырғызстандағы қарыз деңгейінің жыл сайын артуына байланысты, ЕЭК мәліметінше, «комиссия мен мүше мемлекеттердің республикадағы экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шаралары талқыланады».

«ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ — ред.) елдерінің экономикасын қалпына келтіру және эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы аясында 2021 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-ға мүше барлық елде мемлекеттік басқару секторында тапшылық пен қарыз деңгейінің төмендеуі күтілуде. Сонымен қатар, ұлттық экономикаларды қолдаудың қосымша шараларын қолдану мүмкіндігіне байланысты ЕАЭО туралы шартта белгіленген шекті мәндерден асып кету қаупі сақталып отыр», — деп қосты ЕЭК.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЕАЭО туралы шартта белгіленген бюджет пен қарыздар коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты шектен асып кеткені хабарланған болатын.

Добавить комментарий