EGov қосымшасында жүргізуші куәлігінің цифрлық түрі пайда болды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтардың өз құжаттарының цифрлық нұсқасын қайдан және қалай таба алатынын түсіндірді.

Бағдат Мусин өз телефонына eGov mobile қосымшасы арқылы жеке куәліктің, жүргізуші куәлігінің және неке қию туралы куәліктің цифрлық нұсқаларын қалай табу керектігі туралы нұсқаулықты түсіріп көрсетті.

Құжаттардың электрондық нұсқаларын көру үшін қазақстандықтар осыларды істеу керек:

  • eGov mobile қосымшасын жүктеу,
  • ЭЦҚ немесе бір реттік SMS-құпия сөздің көмегімен тіркелу,
  • басты қойындысына өту,
  • төменгі жағында «цифрлық құжаттар» түймесін басу.
  • Осыдан кейін пайдаланушыда құжаттардың тізімі, сондай-ақ отбасы мүшелерінің құжаттары көрсетіледі. Қажетті құжатты таңдап, «рұқсат беру» түймешігін басып, болашақта қағаз құжаттың түпнұсқасының орнына ресми көрсету үшін пайдалануға болатын QR код көресіз.

Айта кету керек, қосымшаның бұл функциясы сынақ түрынде жұмыс істеп тұруы мүмкін. Кейбір пайдаланушыларда құжаттар әлі жоқ.

Бағдат Мусин атап өткендей, жүргізуші куәлігінің электрондық нұсқасының QR-кодын болашақта полицейлерге көрсетуге болады. Алайда қазақстандықтар заң бойынша азаматтар әлі де болса құжаттарды өздерімен бірге алып жүруі тиіс екенін естен шығармаған жөн. Қазақстандықтарды құжаттарды алып жүруден босататын норма әлі қабылданған жоқ.

Наурыз айында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құжаттардың қағаз нұсқаларына біртіндеп тыйым салынып, электрондық форматқа көшірілуі тиіс деп мәлімдеген болатын.

Қараша айының басында Мәжіліс қазақстандықтарды жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу туралы құжаттарды алып жүру міндетінен босататын заң жобасын жұмысқа алды.

Добавить комментарий