ӨКМ операторының функциясы «Жасыл Даму» АҚ-ға берілген сәттен бастап жұмысы тоқтатылған EcoQolday кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы 2024 жылы ақпанда қалпына келтіріледі. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП сайты хабарлады. Қаржыландыру бұрынғы ставка бойынша беріледі деп жоспарлануда, оны ҚР Үкіметі бекіту керек.
Осы жылдың мамыр айында Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы премьер-министрге қоқысты жинау және қайта өңдеу саласын жедел реформалауды сұраған болатын. Олардың айтуынша, шикізаттың жетіспеушілігі зауыттардың өндірістік қуатының төмендеуіне алып келді, салдарынан кейбір кәсіпорындардың жұмысы тоқтады және жабылды. Қалдық жинаушылар мен қайта өңдеушілердің жұмысын қамтамасыз ететін EcoQolday бағдарламасы 2022 жылы тоқтатылды, бұл қайталама шикізатты қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін проблема болды.