ЕАЭО тек қана экономикалық одақ болып қана қоймай, біртіндеп РФ-ның әлемдегі геосаяси ықпалының күшеюін қамтамасыз етіп отыр. Бәлкім, соңғы кездері Түркиямен тығыз байланысып кеткен Әзірбайжанның одаққа кіруге асықпауы да осыған байланысты болуы мүмкін.
Соңғы жылдары Кремльде Әзірбайжанды экономикалық одаққа қосу мәселесі бірнеше рет көтерілген. Әзірбайжанның ЕАЭО-ға қосылуы РФ үшін Оңтүстік Кавказмен қатар Иран, Түркия және Таяу Шығыс бағытындағы бірқатар мәселелерді шешу арқылы одаққа пайдалы болуы мүмкін.
Еуропалық саясаттанушылар Ресейдің одақтық шартта көзделген еркін сауда ережелерін сақтамай отырғанына сенімді. Одақтың негізгі проблемасы экспорттағы кедергілер.
Мәселен, былтыр желтоқсан айында Россельхознадзор Павлодар облысынан қоңыр әжім вирусына анықталғанына байланысты қызанақ пен бұрыш әкелуге тыйым салды
Сондай-ақ наурыздың басында Ресей ауылшаруашылық қадағалау қызметінің өкілдері Орынбор облысында жүргізушілер ұсынған Ауыл шаруашылығы министрлігі берген фитосанитариялық сертификаттарға қарамастан, жеткізушілерді Ресей аумағына кіргізбеді.
Оған себеп — Қазақстан емес, Германиядан шығарылған санкциялық тауар деген күдік болды. Нәтижесінде Федералдық қызмет Қазақстанға картоп әкелуге уақытша тыйым салды.
ЕАЭО экономикалық ынтымақтастық шеңберінен шығуы мүмкін. Осылайша, былтыр Қазақстан денсаулық сақтау, білім және ғылым жүйесіне қатысты жобаны қабылдаған жоқ.