ЕАЭО құрылғалы бері сарапшылар тарапынан сынға ұшырауда. Олардың көбі аталған одақ РФ-ның геосаяси мақсатын жүзеге асыру үшін өзіндік бір кеңістікке айналғанын айтады.
ЕАЭО-да көптеген сауда кедергілері бар, олар экономикалық одаққа мүше елдердің арасында шиеленісі жағдай тудырады
Ресейлік қадағалау органының ішкі нарықты қорғау жөніндегі қатаң шаралары еркін сауданы декларациялауға қарамастан, ЕАЭО-дан экспорттаушылар шығынға ұшырауда.
Еуропалық сарапшылардың бағалауына сәйкес, Орталық Азия мемлекетінің осы экономикалық одаққа мүшелігі батыс елдерімен экономикалық қатынастардың дамуын тежейді.
Қос ел арасында сенімсіздік артуына бірқатар себеп бар. «Біріншіден, сенімді қарым-қатынас Ресейдің қазіргі геосаяси амбициясымен үйлеспейді. Ресейде билік басындағылар көпполярлы әлемнің көзқарасын ұстанады. Бұл әлемдiк iстерде елеулi рөл атқаратын әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ықпал ету саласы болуы керек екенін, сол арқылы аталған мемлекеттер өз шарттарын қоя алатынын білдіреді. РФ-ның көзінше оның «ықпал ету аймағы» посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер. Посткеңестік елдер Мәскеудің ықпалына көнуіне алып келеді. Мәселен, көпвекторлы сыртқы саясат жүргізіп, көптеген халықаралық ұйымдар мен одақтардың мүшесі болып табылатын Қазақстан үшін бұл қолайсыз», — деп жазады батыс саясаттанушылары.
«Екіншіден, қазіргі ресейлік саяси режимнің сипаты оған деген сенімнің қалыптасуын болдырмайды. Ресейлік саясаткерлердің еліміздің аумағы туралы айтқан сөздерін назарға алсақ, Қазақстан Ресейге сенім арта алмайды», — дейді батыс сарапшылары.
«Жоғарыда айтылып өткендерден ЕАЭО дамуының үш сценарийі бар.
Бірінші сценарий ЕАЭО шеңберіндегі интеграцияның табысты дамуын болжайды. Ол үшін мүше елдер ішкі келіспеушіліктерді еңсеріп, сыртқы экономикалық қызметті үйлестіруді күшейтуі тиіс және сыртқы саясатта бірлескен қадамдарды іске асыруы керек. Жағдайдың осылайша дамуы Ресейдің сыртқы саяси ұстанының күрт күшеюіне алып келеді.
Екінші сценарий — орташа оптимистік. ЕАЭО-ның қазіргі дамуы Ресейге қатысты салынған санкциялар жағдайында жүзеге асырылуда, бұл Ресей мен Қазақстанның бюджетіне әсер етеді. Егер алдағы уақытта ешқандай өзгеріс болмаса, онда ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы қарым-қатынастың сапасы жақсармайды және сәйкесінше, еуразиялық интеграция баяу үдеріске айналу қаупі бар.
Үшінші, жағымсыз. Ресей мен Қазақстан, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше басқа елдер арасындағы қарама-қайшылықтарды еңсере алмай, ортақ мәмілеге келе алмайды», — деп жазады батыс сарапшылары.