Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясымен (АСЕАН) сыртқы сауда айналымы биыл 17,9 миллиард долларға жетті, деп хабарлады Ресейдің экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач. Бұл туралы Джакартадағы АСЕАН штаб-пәтерінде өткен ЕАЭО күндері барысында белгілі болды.
Министрдің орынбасары Оңтүстік-Шығыс Азия елдері интеграциялық әлеуеті бар мәселелер бойынша «еуразиялық бестікпен» сындарлы диалог жүргізуге дайын екенін атап өтті. Ынтымақтастықтың маңызды салалары цифрландыру және тұрақты даму болып табылады.
«Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ЕАЭО-мен өзара тиімді іс-қтиылға дайын. Біздің күш-жігеріміз техникалық реттеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы салаларында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Бұл секторлар интеграциялық әлеуетке ие және екі тарап үшін де перспективалы», — деп атап өтті Вольвач «ЕАЭО мен АСЕАН байланыстарын нығайту: іскерлік қоғамдастықтың рөлі » атты дөңгелек үстелде.
ЕАЭО күндері Еуразиялық экономикалық комиссия мен АСЕАН арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанына 5 жыл толуына орай өтіп жатыр. Бұл құжат екі одақ мемлекеттері арасындағы сауда, инвестиция және экономикалық өсімді дамытуға бағытталған.
ЕАЭО күндері аясында АСЕАН-да түрлі салалардағы диалог пен ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған дөңгелек үстелдер мен көрмелер өтеді деп жоспарлануда.