ЕАЭО елдерінің нөмірі бар автокөліктерді Қазақстаннан шығармай-ақ қойса болады

Салық органдары 30 қыркүйекке дейін елден шығарылуы тиіс шетелдік автокөліктер бойынша ЕАЭО-ға мүше елдердің нөмірі бар көліктерге қатысты түсініктеме берді

Бұл талап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде есепте тұрған көліктерге қатысты емес. Сондықтан Ресей, Қырғыз, Армения және Беларусь нөмірі бар автокөліктердің иелері одан әрі Қазақстанда еркін жүре алады.

«Қазақстанда бір жылдан аса уақыт болған басқа да шетелдік автокөліктер тек біздің ел аумағынан ғана емес, Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусь аумағынан шығарылуы керек. Себебі бұл елдер ЕАЭО аясында Кеден кодексін бекітті. Ол бойынша, басқа елдерден келген автокөліктер кедендік баж салығын төлемей, ЕАЭО аумағында бір жыл ғана уақытша бола алады. Одан әрі машина одақтың бөлінуі үшін әкетілуі немесе оған кедендік баж төленуі тиіс.

Алайда коронавирус пандемиясының салдарынан бүкіл әлемде шектеу шаралары енгізіліп, шекарадан еркін өту мүмкін болмады. Сондықтан шетелдік көліктердің бір жылдық болу мерзімі ұзартылды. Алайда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі азаматтарға айыппұлдары жоқ, мерзімі өтіп кеткен уақытша әкелінген автомобильдерді 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін шығаруға мүмкіндік берді», — деп түсіндірді салық қызметкерлері.

Шетелдік автокөліктерді әкету туралы талап ЕАЭО елдерінің бүкіл аумағына — Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусияға қатысты.

30 қыркүйектен кейін салық қызметкерлері жол полицейлерімен бірге уақытша әкелу мерзімін кешіктірген көліктерді іздей бастайды. Заңбұзушылық анықталған жағдайда көлік құралдары айыппұл тұрағына жіберіледі. Бұдан әрі Қазақстанда автомобильді уақытша пайдаланған «иесіне» қатысты қажетті шаралар қабылданатын болады.

Добавить комментарий