ЕАЭО елдері үшін қант алып келуге баж салығы алынып тасталды

ЕЭК ЕАЭО елдері үшін қант алып келуге баж салығын уақытша алып тасталғанын хабарлады. Бұл шара қант бағасын төмендету үшін қабылданды. Қажет болған жағдайда шілде айында қосымша шаралар қабылдануы мүмкін.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесі 2021 жылғы 15 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында қант алып келуге баж салығын салмау түрінде тарифтік жеңілдіктер ұсынау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Комиссия отырысында 2021 жылғы 15 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында қант алып келуге баж салығын салмау түрінде тарифтік жеңілдіктер ұсыну туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.

Арменияға — 22,4 мың тоннадан, Қазақстанға — 134,4 мың тоннадан, Қырғызстанға — 40 мың тоннадан, Ресейге — 350 мың тоннадан көп емес көлемде жеткізілетін қант кедендік баж салығынан босатылатыны атап өтілді.

Бұдан басқа, ЕЭК алқасы тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, жеткізілетін қанттың нақты көлеміне ай сайынғы мониторинг жүргізетін болады.

«Қант нарығындағы жағдайды ескере отырып, егер мұндай шаралар қажет болса, 2021 жылдың шілдесінде қосымша шаралар туралы мәселені қайта қарау туралы келісімге қол жеткізілді», — делінген хабарламада.

ЕЭК алаңында одаққа мүше мемлекеттердің ішкі нарығына қантты жедел жеткізуді қамтамасыз ету үшін мүдделі тұтынушылар мен өндірушілердің өзара іс-қимылы ұйымдастырылады. Сондай-ақ одақтың қант нарығын тұрақты дамыту жөнінде ұсыныстар дайындалатын болады.

Добавить комментарий