ЕАЭО елдер мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын едәуір күшейтуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдемдесетін жаңа орган — Қоғамдық палата құрылады деп жоспарлануда.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қоғамдық палатасын (ЕАЭО ҚП) құру жоспарлануда. Бұл туралы палатаның сайтында хабарланды.
Палатаның негізгі миссиясы — мемлекетаралық және ішкі қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуді, елдер мен өңірлердің әділдік, өзара құрмет және рухани-адамгершілік қасиеттерді ескере отырып, жасампаз дамытуды көздейтін еуразиялық кеңістік елдердің кең коалициясын құру.
«Ұйым Абхазия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Украина, Оңтүстік Осетия және басқа елдердің қоғамдық саяси қайраткерлерінің бастамасымен құрылады», — делінген хабарламада.
2022 жылдың бірінші жартысында ЕАЭО ҚП ресми құрылтай жиналысы өтеді.
«Қазіргі тұжырымдамаға сәйкес, ЕАЭО Қоғамдық палатасының мүшелері ғылым мен мәдениет қайраткерлері, саяси және сараптамалық қауымдастық өкілдері, кәсіпкерлер мен бюджет саласының қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен БАҚ басшылары болады», — делінген порталда.
Аталған ұйымның қызметінің негізгі бағыттарының бірі елдер мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын едәуір күшейтуге бағытталған шаралар мен бағдарламалар кешенін (мәдениет, ғылым, білім беру, спорт және тағы басқа) іске асыруда қоғамдық күштерге тұтастай жәрдемдесу болады.