ЕАЭО-да қазақстандық студенттердің саны көп

Қазақстан ЕАЭО-ға «студенттерді жеткізуші» ел деп аталды. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссия сарапшыларының бағалауы бойынша, ЕАЭО-ға қатысушы елдердің арасында Қазақстан одақ ішіндегі білім беру миграциясына ең көп үлес қосқан ел.

ЕЭК деректеріне сәйкес, Қазақстанның студенттер «экспортындағы» үлесі 65 пайызды құрайды.

Сарапшылардың мәліметінше, ЕАЭО-ның басқа елдерінде білім алуға барған қазақстандық түлектердің көпшілігі Ресейде таңдаған. Одақтың қалған елдерінің ішінде студенттердің «экспортында» Беларусь (12,1 пайыз) және Қырғызстанның (10,8 пайыз) үлесі айтарлықтай. Бұл ретте ЕАЭО талапкерлерінің басты «импорттаушысы» Ресей. Бұл елдің жоғары оқу орындарында Еуразиялық одақтан келген студенттердің жалпы үлесінің 88,5 пайызы оқиды.

Соңғы төрт жылда ресейлік жоғары оқу орындарын таңдайтын қазақстандық студенттердің саны азайып келеді. 2018-2019 жылдары ресейлік университеттер мен колледждерде қазақстандық мектептердің 65,7 мың түлегі білім алса, ағымдағы оқу жылында — 61,04 мың адам (жеті пайызға аз) болды. Отандық жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандықтардың жалпы санымен салыстыратын болсақ, Ресейге оқуға кеткендердің үлесі 10,3 пайызды құрайды.

Жалпы Қазақстанда білім миграциясының сальдосы теріс күйінде қалып отыр. ЕЭК мәліметі бойынша, еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде 32,4 мың шетелдік студент оқиды. Бұл Ресейде оқитын қазақстандық студенттердің санынан екі есе аз.

Қазақстан үшін басты «талапкерлерді жеткізушілер» ЕАЭО-ға кірмейтін елдер. ЕЭК мәліметінше, биыл Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 3,5 мың адам және әлемнің басқа мемлекеттерінен 28,9 мың студент оқып жатыр.

ҚР-да студенттерді «экспорттау» бойынша көшбасшы елдер арасында бірінші орында Өзбекстан тұр. Бұл елден Қазақстанға 15,6 мың талапкер келді. Екінші орында Үндістан, еліміздің университеттері мен колледждері 6 000 студенттін қабылдады. «Импорттаушылардың» үштігін Ресей қорытындылайды , ол жерден 2,5 мың талапкер келді.

Добавить комментарий