ЕАЭО айналасындағы геосаяси ойындар, батыстық саясаттанушылардың пікірі

ЕАЭО экономикалық мақсатта құрылған мемлекеттердің одағы.

Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұйымға мүше елдердің халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде тұрақты даму үшін жағдай жасау. Қазақстан осы ұйымның әлеуеті мол деп ойлап, экономикасын нығайту үшін мүше болды.

Алайда, батыстық сарапшылардың пайымдауынша, ЕАЭО-ның Қазақстан үшін пайдасынан гөрі зияны басым.

«Сыртқы аренада көпвекторлық саясат жүргізетін Орталық Азия елі үшін басты қауіп — АҚШ, Ұлыбритания және Еуроодақ елдерімен бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастығына сызат түсуі мүмкін», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Фото: Ресей Батыс елдерімен арадағы қақтығыстарға байланысты өз жағында одақтастарының болғанын қалайды, сондықтан ЕАЭО арқылы ықпалын кеңейтпек

Олар ЕАЭО үшінші елдерге қарсы санкция салатын болса, ынтымақтастыққа дақ түсуі мүмкін деп болжап отыр. Батыстық сарапшылар Ресей Одақты саясаттандыруға тырысып жатыр дейді.

«РФ үшін батыс елдерімен қалыптасқан геосаяси қақтығысқа байланысты одақты саясаттандыру өте маңызды. ҚР-ның солтүстіктегі көршісі Еуразиялық экономикалық одақты ұйымға мүше басқа елдерге ықпал ету құралы ретінде қабылдайды.

Жазда Нұр-Сұлтан Батыс елдерімен болған геосаяси қақтығысқа қатыспады. ҚР одақтас елді қолдаудан бас тартып, Еуропа мен АҚШ Беларуське қарсы салған санкцияларына ЕАЭО алаңында ұжымдық шараларды қолдану мәселесінде талқылаған жоқ

Фото: Ресей Батыс елдерімен арадағы қақтығыстарға байланысты өз жағында одақтастарының болғанын қалайды, сондықтан ЕАЭО арқылы ықпалын кеңейтпек

Қыркүйек айында одаққа мүше елдердің батыс санкцияларына ұжымдық жауап беруі мүмкін деген ақпарат пайда болды. ЕЭК ресми өкілі Ия Малкина комиссияның сауда блогы одаққа мүше мемлекеттерге үшінші елдер тарапынан экономикалық қысымға жауап беру шараларының жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мемлекет басшыларына мүше елдерді барынша қолдауға бағытталған шараларды ұсыну жоспарлануда. ЕЭК өкілінің айтуынша, 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО елдері президенттерінің екі кездесуін өткізу жоспарланып отыр.

Ел билігі Қазақстанның Батыспен қақтығысқысы келмейтінін анық көрсетіп отыр.

«Егер ҚР президенті өз ұстанымын сақтай алмаса, онда жоғарыда атап өтілгендей, Орталық Азия елі қиын жағдайға ұшырауы мүмкін», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Сондай-ақ, ұжымдық санкциялар Одақ ішіндегі саяси интеграцияның жаңа нұсқасы болуы мүмкін.

Добавить комментарий