ЕАЭО-ға тауарларды бажсыз әкелу лимиті ұлғайтылды

ЕАЭО-да интернет-дүкендер арқылы сатып алатын тауарларға бажсыз әкелу лимиті ұлғайтылды.

Аталған шара шетелдік интернет-дүкендерде жеке пайдалануға арналған тауарларға белсенді тапсырыс беретін азаматтарды қолдауға мүмкіндік береді.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізілетін тауарларды бажсыз әкелу лимитін ұлғайтты. Енді жеке тұлғалар үшін шетелдік интернет-дүкендерден сатып алу сомасы 1000 еуроға дейін (шамамен 565 мың теңге) өсті, деп хабарлайды БелТА.

ЕЭК ресми өкілі Ия Малкина айтып өткендей, лимит 2022 жылдың 1 қазанына дейін уақытша ұлғайтылды.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу үшін бажсыз лимит бар болғаны 200 еуро болды.

Ия Малкина сәлемдеменің құны асып кеткен жағдайда, сондай-ақ салмағы 31 келіден асқан жағдайда баж салығын төлеуге тура келетінін айтты. Ол тапсырыс бағасының 15% мөлшерінде белгіленді, бірақ бір келі үшін кемінде екі евро болады.

ЕЭК өкілінің айтуынша, аталған шара шетелдік интернет-дүкендерде жеке пайдалануға арналған тауарларға белсенді тапсырыс беретін азаматтарды қолдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лимиттің ұлғаюы кейбір тауарлардың тапшылығын болдырмауға септігін тигізеді.

Добавить комментарий