Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ ПА) Шығыс Еуропа бойынша Парламенттік ассамблеясының арнайы өкілі Даниэла де Риддер Белоруссиядағы президенттікке экс-үміткер Светлана Тихановскаямен әңгімелесу барысында Беларусьтағы саяси тұтқындардың жағдайына қатысты мәселелерді талқылады.
Кездесу 5 ақпан, жұма күні онлайн форматта өтті.
«Де Риддер атап өткендей, оның мандаты парламентаралық дипломатия арқылы қоғамның барлық сегменттерімен өзара іс-қимылды қамтиды. Арнайы өкіл ЕҚЫҰ ПА-ның елдің барлық мүдделі тараптарымен және халықаралық қоғамдастық өкілдерімен сенімді нығайтуға, татуластыруға және диалог орнатуда жәрдемдесуге бейілді екенін атап өтті. Ол ЕҚЫҰ ПА-дағы Беларусь делегациясының басшысы Андрей Савинді қоса алғанда, әртүрлі Беларусь өкілдерімен «елдегі барлық мүдделі тараптармен диалог орнатуға жәрдемдесу бойынша ортақ күш-жігер шеңберінде» бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Тихановская арнайы өкілді өз еліндегі наразылық шараларына қатысты ахуал туралы хабардар етіп, «күн сайын саяси тұтқындардың саны өсіп келе жатқанын және жақында судьялар қылмыстық іс бойынша қудаланып жатқан бейбіт шерушілерді бірнеше жылға түрмеге қамауды бастағанын» айтты.
ЕҚЫҰ ПА бас хатшысы Роберто Монтелла да Тихановскаямен кездесуге қатысты, делінген баспасөз хабарламасында. Ол атап өткендей, ұйым Беларусь өкілдерімен және мүдделі тараптармен, оның ішінде ЕҚЫҰ ПА-дағы Беларусь делегациясымен, билік пен азаматтық қоғаммен бірқатар кездесулер өткізбек.