Ең бай репердің қызы жалға алынған көлікте түнеуге мәжбүр

Миллионер рэпердің қызы кедейшілік шегінде өмір сүріп жатыр. Оның пәтер ақысын төлеуге ақшасы жоқ. Төрт баламен далада қалмау үшін келіншек автокөлікті жалға алуға мәжбүр.

Танымал афроамерикалық рэпер Доктор Дренің үлкен қызы (Dr. Dre, Андре Ромелл Янг) ЛаТанья Янг далада қалды. Ол жұпыны өмірі туралы Daily Mail-ге айтты.

Рэпер-миллионердің қызы қазір 38 жаста. Ол тамақ жеткізетін бірнеше сервисте курьер болып жұмыс істейді, алайда пәтер алуға ақшасы жетпейді. Янг жалға алып жүрген көлікте түнеп жүргенін мәлімдеді.

ЛаТанья Янг рэпердің Лиза Джонсонмен болған алғашқы некесінен дүниеге келген. Олар ортақ қызы небәрі беста болғанда ажырасқан. Қазір Янг төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Күйеуі жоқ. Келіншек әкесінің нөмірі жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, олардың кездеспегеніне 18 жыл өткен.

Доктор Дре танымал музыкалық продюсер. Рэпердің қызынан бөлек тағы үш ұлы бар. Жақында ол соңғы әйелі Николь Сритпен ажырасып кетті. Рэпер 2014 жылы Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай хип-хоп орындаушыларының тізімінде көш бастап тұрған. Бір жылдан кейін оның кірісі $700 млн болды.

Добавить комментарий