Джозеф Байден Ресейді АҚШ-тың қарсыласы деп жариялады

Кеше, бейсенбі күні, 17 қыркүйекте Джозеф Байден Пенсильвания штатындағы журналистер алдында сөз сөйледі. Өзіне қойылған сұрақтарға жауап бере отырып ол Ресейді жау емес, қарсыластар деп санайтынын айтып, Кремльдің оны Құрама Штаттардың президенті ретінде көргісі келмейтінін айтты.

«Сіз Ресей жау деп есептейсіз бе?», — деп сұрады жүргізуші Байденнен. «Менің ойымша, Ресей — қарсылас. Мен шынымен де солай ойлаймын», — деді АҚШ президенттігіне демократтар атынан үміткер.

Сондай-ақ, Байденге Ресейдің американдық сайлау процесіне араласуына және оған қатысты пікірлер туралы сұрақ қойылды. Бұған жауап ретінде АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті егер мұндай әрекеттер дәлелденсе, «есеп айырысу болады» деп сендірді. «Мен соғысты айтып тұрған жоқпын, бірақ олар бұл үшін төлейді, бұл экономикалық баға болады», — деп атап өтті Байден. Жүргізуші одан қандай «экономикалық бағаны» туралы айтып жатұанын сұрады. «Менің тарапымнан бұл туралы айту ақымақтық болады. Бірақ олар бағаны төлейтініне сенімдімін», — деп түйіндеді сөзін демократ. Сонымен қатар, Байден Мәскеу оның президент болуын қаламайды деген пікір айтты.

АҚШ-тың басқа елдердегі әскери әрекеттері

Құрама Штаттарға әлемге тым көп әскери күштер қажет етпейді, деп есептейді Байден.

Оның айтуынша, АҚШ вице-президенті ретінде ол «Ауғанстандағы [АҚШ] қатысуының айтарлықтай артуына қарсы болған». «Біз қажет болған жағдайда Құрама Штаттарға қатысты сырттан шығатын лаңкестік әрекетке жауап беретінімізді анық аңғартуға тиіспіз. Бұл үшін ірі күштердің болуы талап етілмейді», — деді Байден.

29 ақпанда Дохада АҚШ пен Талибан (ҚР-да тыйым салынған) бейбіт келісімге қол қойды. Келісіме сәйкес, Құрама Штаттар, олардың одақтастары мен коалициясы 14 ай ішінде барлық әскерлерді Ауғанстаннан шығаруды көздеп отыр. Талибандар Ауғанстан аумағын АҚШ пен оның одақтастарының қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге пайдаланбайтындарына кепілдік береді. Ауғанаралық келіссөздер басталғанға дейін сенімді нығайту шаралары ретінде атысты тұрақты және жан-жақты тоқтату туралы келісімге сәйкес қозғалыстың 5 мыңға дейін жақтаушысы және талибан ұстаған мыңға дейін адам босатылуы тиіс.

 

Добавить комментарий