Ресейдің Нижегород облысы Дзержинск қаласында төтенше жағдай орын алды. 4 мың шаршы метрден астам алаңдағы қойма өртенді. Пластмасс пен синтетикалық шайыр шығаратын кәсіпорынның аумағында өрт шықты.
Шұғыл қызметтердің ақпараты бойынша, қоймадағы жанғыш материалдар өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда, ал бөлінетін улы заттар адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіріп жатыр.
Қызыл жалынмен арпалысуға өрт сөндіру бригадалары, оның ішінде авиация жұмылдырылды. РФ ТЖМ өкілдері көршілес ғимараттарға өрттің таралу қаупі барын хабарлады. Жергілікті БАҚ мәліметі бойынша, жанып жатқан ғимаратта керосин сақталған.
Қоймаға иелік ететін «Астат» ғылыми-өндірістік компаниясы шайыр, желім және еріткіштер шығарады.