Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел басшысының шақыруы бойынша Тәжікстанға келді.
Тәжікстан Республткасының президенті Эмомали Рахмон Тоқаевты елордалық әуежайда күтіп алды. Тоқаев екі күндік жұмыс сапары аясында Республикада екі күн болады.
Бұл Қазақстан Президентінің 2021 жылғы алғашқы шетелдік сапары.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алғанын хабарлады.
Ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сондай-ақ Мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді, — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның Премьер-Министрімен кездеседі.