Дугинаның өліміне кім кінәлі: украиналық саясаттанушылардың пікірі

20 тамызда кешке Мәскеу облысында украианлық БАҚ «Путинның идеологы» деп есептейтін Александр Дугиннің қызы 29 жастағы Дарья Дугина отырған көлік жарылып кетті, Ол ресейлік RT және «Царьград» басылымдарына мақала жазып келген.

Журналист өлімінен кейін екі күн өткен соң, ФҚҚ қайғылы оқиғаға украиналық арнайы қызметтердің қатысы бар деген болжам қарастырылып жатқанын жариялады.

«ФҚҚ украиналық арнайы қызметтерді оның өліміне қатысы бар деп айыптады. Ресейлік проаганда ФҚҚ нұсқасын «алға тартып», «орыс әлемі идеологының» қызының өлімін «жазсықсыз құрбан» ретінде көрсетіп, оған «украиналық террористер» кінәлі деп мәлімдеді. Ресейлік пропагандисттер адам қаны төгілуін қалайтыны соншалықты, Ресей үкіметін Украина астанасы — Киевтегі шешім қабылдау орталықтарына зымыран шабуылдарын жасауға шақырады. РФ президенті Владимир Путин адам өлтіруді зұлым және қатыгез қылмыс деп атады. Өз кезегінде Украина билігі Дугинаның өліміне қатысы жоғын мәлімдеуде», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Фото: Журналистің қазасы әлеуметтік желілер мен ресейлік масс-медиада талқыланып жатқан басты тақырыптардың бірі

Журналистің қазасы әлеуметтік желілер мен ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланған басты тақырыптардың біріне айналды. Украиналық саяси технологтардың пікірінше, Дугинаның өліміне Украинаны кінәлі деп тану Ресей үшін тиімді болып табылады, бұл былай түсіндіріледі:

«Мәскеу үшін Киевті Дарья Дугинаның өліміне қатысы бар ету тиімді. Неліктен Украинаны айыптап отыр? Бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін.

Біріншіден, Мәскеу осылайша Ресей халқының назарын Қырымда болып жатқан оқиғалардан басқа жаққа бұруға тырысады. Соңғы екі аптада түбектің түкпір-түкпірінде халықтың үрейін туғызатын жарылыстар орын алғаны белгілі. Жарылыстан әуеайлақ, оқ-дәрі сақталған қойма және басқа да нысандар зақымданды. Түбектің ресейлік азаматтар үшін қауіпсіз орын емес екені түсінікті болды. Жарылыстан кейін ресейліктер түбектен жаппай кете бастады. The New York Times сайтының хабарлауынша, жарылыстардың бір бөлігі — украиналық арнайы жасақтың жұмысы. Айта кету керек, жарылыстар тек түбекте ғана болып жатқан жоқ. Мәселен, РФ-ның Белгород облысында оқ-дәрі сақталған қойма жанып, соның салдарынан бейбіт тұрғындардың бір бөлігін эвакуациялауға тура келді. Аймақтың губернаторы Вячеслав Гладков күн сәулесінен «линза әсері туындады» деп мәлімдеді.

Фото: Журналистің қазасы әлеуметтік желілер мен ресейлік масс-медиада талқыланып жатқан басты тақырыптардың бірі

Екіншіден, ФҚҚ Дугинаның өліміне Украина азаматы Наталья Вовкты айыптап отыр. Әйелдің «Азов» полкімен (РФ-да террористік деп танылған ұлтшыл әскерилендірілген ұйым — ред.) байланысы болған деп болжануда. Осылайша, Ресей Мариупольдегі «Азов» өкілдеріне «трибунал» қажет екенін айтып, ел азаматтарының қоғамдық пікірін қолдап отыр.

Үшіншіден, Ресейде халықтың Украинадағы «арнайы операцияны» қолдауын жалғастыруы үшін жағдайды барған сайын ұшықтырып жатыр. Осылайша, Кремль Украинаға қарсы соғысқа мобилизацияны жасырын емес, ашық түрде жүргізу үшін «соңғы» нүктеге жетуді қалайды. Айта кетейік, соңғы нұсқа анағұрлым шынайы көрінеді, РФ-ның билік басындағылары кез келген жолмен адамдарды соғысқа «жұмылдырмақ», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Мәскеуде Дугинамен қоштасу рәсіміне РФ-ның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері қатысты. Олардың арасында «Справедливая Россия» партиясының жетекшісі Сергей Миронов, Дмитрий Киселев, Мемлекеттік Думаның депутаты және ЛДПР жетекшісі Леонид Слуцкий болды. Ресей Украинаға қарсы соғыста қалай да болсын жеңіске жетіп, фашизмді жоюы керек екені айтылды.

Добавить комментарий