Dragon жүк таситын ғарыш кемесі Жерге оралды. Ол Атлант мұхитына қонды.
Жүргізілген эксперименттердің нәтижелерін қоса алғанда, ХҒС-дан Жерге 2,2 тонна әртүрлі жүк жеткізілді.
Америкалық компанияның Dragon жүк таситын ғарыш кемесі Флорида штатының жағалауына Атлант мұхитында қонды. Бұл туралы дүйсенбі күні SpaceX Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Ғарыш кемесі АҚШ-тың Шығыс жағалауының уақыты бойынша сағат 16:05-те (сейсенбі күні 00:05 мск) қонды. Ол Жерге 2,2 тоннадан астам түрлі жүкі, оның ішінде ғылыми эксперименттердің нәтижелерін жеткізді. Жексенбі күні Dragon Халықаралық ғарыш стансасынан (ХҒС) автоматты режимде ажырады. Бұған дейін ғарыш кемесі жұма күні ажырап шығады деп жоспарланған, қолайсыз ауа райына байланысты екі рет кейінге шегерілді.
Dragon 21 желтоқсанда Канаверал мүйісіндегі (Флорида штаты) ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыран тасығышының көмегімен ХҒС қорларын толықтыру жөніндегі 24-ші коммерциялық миссиясы аясында ұшырылды. Ғарыш кемесі 22 желтоқсанда ХҒС-мен түйісті. Ғарыш кемесі орбиталық стансаға шамамен 3 тонна түрлі жүк — азық-түлік, ғылыми эксперименттерге арналған материалдар, жабдықтар жеткізді.
Қазір стансаның бортында жеті экипаж мүшесі бар: Роскосмос ғарышкерлері Антон Шкаплеров және Петр Дубров, NASA астронавтары Марк Ване Хай, Раджа Чари, Том Маршберн және Кайла Бэрррон, сондай-ақ Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Маттиас Маурер.