АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Майамидің федералдық сотынан ешқандай шарт пен шектеусіз босатылды. Сот Трамп қашуға бейім деп есептеуге негіз жоқ деген қорытындыға келді.
Сот оның жүріп-тұруына ешқандай шектеу қоймады және Трамп пен оның көмекшісі Уолт Наутадан кепіл талап етпеді, деп хабарлайды Fox News.
Трамп бұған дейін сотқа келген кезде тұтқындалған болатын. Ол құпия құжаттарды қайтару туралы талаптарды орындамады деген айыпталды.
Өткен аптада Трампқа былтыр тамыз айында Мар-а-Лагодағы үйінде табылған 100-ден астам құпия құжатты қасақана сақтауға байланысты 37 тармақ бойынша айып тағылған болатын. Наутқа сот төрелігіне кедергі жасау және құжаттар мен жазбаларды жасыру мақсатында сөз байласуды қоса алғанда, алты тармақ бойынша айып тағылды.
Сот ғимаратының алдында Трамптың жақтастары күтіп тұрды. Майами полициясы сот отырысынан кейін ықтимал наразылық шарасына алдын ала дайындалған. Экс-президенттің кейбір жақтастары оның көлігіне жақындамақ болған, алайда оларды АҚШ Құпия қызметінің қызметкерлері жақындатпады.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы президенті Дональд Трампқа тағылған айыптармен «ешқандай байланысы жоқ» деп мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ABC News.