Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сәйкес, 12 қазанда Қазақстанда доллардың орташа сараланған бағамы 1 теңгеге төмендеп, 475,78 теңге болды. Қытай юані бағамы да төмендеп, 65,17 теңге (-0,27) болды.
Қазақстанның Ұлттық банкі еуро бағамын 505,53 теңге, ал ресейлік рубльді 4,78 теңге деңгейінде белгіледі.
Елдің валюта биржалары мен ақша айырбастау пункттерінде доллар 475,9-478,1 теңгеден, еуро — 505-508 теңгеден, ал Ресей рублі — 4,85-5,01 теңгеден саудаланды.
Ал мұнайдың әлемдік бағасы 12 қазанда көтерілді. ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерстерінің құны 0,99%-ға өсіп, барреліне 86,67 долларға жетті. NYMEX биржасында WTI мұнай фьючерстері қараша айында 0,72% қымбаттап, барреліне 84,09 долларды құрады.