Доллар биржада тағы 2 теңгеге арзандады

АҚШ доллары тағы 2 теңгеге арзандады. Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 415,12 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 25 мамырда доллар бағамы 415,12 теңгені құрады.

Бір тәулікте доллар 1,67 теңгеге, бір айда шетел валютасы 33,32 теңгеге арзандады.

Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 415,5 теңгеден сатып алады, 418,5-419 теңгеден сатады.

ICE биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы барреліне 114,67 долларды құрайды.

Добавить комментарий