Өткен тәулікте Қазақстанда доллар бағамы бес теңгеге көтерілді.
Биржада рубль бағамы 5,2 теңгеге дейін өсті.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 2 наурызда доллар бағамы 490,43 теңгені құрады.
Бір тәулікте доллар 4,9 теңгеге, бір айда 56,91 теңгеге қымбаттады. Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 493-494 теңгеден сатып алып, 496-497 теңгеден сатып жатыр.
Биржада рубль бағамы 5,2 теңгеге дейін өсті (плюс 0,11 теңге).
28 ақпанда франкфурт аукционы әдісімен сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE-дегі доллар бағамы бірден 28 теңгеге өсіп, 495 теңгеге жетті. 1 наурызда теңге биржада сәл-пәл көтерілген.