Доллар бағамы құлдырады

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағасы 1,48 теңгеге арзандады, 462,77 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 қаңтардағы ресми бағамы бойынша, бір доллар 464,34 теңгені құрайды.

Қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа сараланған бағамы 462,48 теңгеге, сату бағамы 466,02 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында американдық валютаны орта есеппен 463,29 теңгеден сатып алып, 466,22 теңгеден сатады.

Добавить комментарий