Доллар бағамы қайта қымбаттап барады

Қазақстанда қор биржасындағы доллар бағамы қайта қымбаттап барады.

Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттықта АҚШ долларының бағамы көтерілгенін хабарлады.

Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 2,13 теңгеге көтеріліп, 431,41 теңгені құрады.

Ақша айырбастау пункттерінде долларды 431,5 теңгеден сатып алып, 434 теңгеден сатады, еуро — 490-493 теңге, Ресей рублі — 5,6-5,7 теңге.

Наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 1,64%-ға өсіп, барреліне $94,64 болды.

Сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың құны 1,34%-ға — барреліне $95,71 дейін көтерілді.

Добавить комментарий