Өткен тәулікте доллар бағамы 458 теңгеге дейін төмендеді. Бұл кешегі бағаммен салыыстырғанда 12 теңгеге түскен.
30 наурыз күні Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 458,2 теңге болды.
Таңғы сауда-саттықта доллар бағамы өзгерген жоқ, бір тәулікте доллар 12 теңгеге, бір айда 36,8 теңгеге арзандады. Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 454-456 теңгеден сатып алып, 460-462 теңгеден сатады.
30 наурызда рубль бағамы нығайды — бір доллар үшін 84,8 рубль.
Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы ICE биржасында барреліне 112,65 долларды құрайды.