Қазақстанда теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы өсуде.
Мұндай мәліметтерді KASE Қазақстан қор биржасы келтіреді.
Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 437,08 теңгеге, сату бағамы 438,89 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 436,77 теңгеден сатып алады, 438,48 теңгеден сатады.
23 ақпандағы жағдай бойынша Ұлттық банк долларыдың ресми бағамы 433,39 теңгені құрады.