Ресейде «Роскосмос» басшысы ауысты. Мемлекет басшысы Владимир Путин Мемлекеттік корпорацияның бас директоры Дмитрий Рогозинді қызметінен босату туралы құжатқа қол қойды. Оның орнына Юрий Борисов тағайындалды.
Тиісті жарлық Кремльдің сайтында жарияланды.
Дмитрий Рогозиннің отставкаға кетуі мүмкін екендігі туралы ресейлік БАҚ-та 12 шілдеде хабарланған. Оның мансабы қайда жалғасатыны әзірге белгісіз. Бірнеше БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Дмитрий Рогозиннің РФ президенті әкімшілігіне жұмысқа орналасуы мүмкін деген ақпарат таратты.
Дмитрий Рогозин «Роскосмосты» 2018 жылдан бері басқарып келеді. Ол бірнеше даулы мәлімдеме жасаған, оның ішінде, мәселен, америкалық миллиардер Илон Маскпен сырттай пікірталасқан.