Әділет Тиканов — Тәуелсіздіктің түйедей құрдасы болып табылады. 29 жыл ішінде өнерде жақсы табыстарға жетіп, Алматы циркінің жетекші әртістерінің біріне айналды. Жас акробат-гимнаст тілшімізге берген сұхбатында қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
— Әділет, өзіңіз туралы бір-екі ауыз сөз айтып өтсеңіз?
- Мен 1991 жылы 21 қыркүйекте Павлодар қаласында дүниеге келдім. 1999 жылы оңтүстік астанамыз Алматы қаласына көшіп келдім. Панфилов кентіндегі Талғар аудандық мектебінде білім алдым. Бала кезімде мені тәрбиелеген ағам сияқты полиция қызметкері болуды армандайтынмын. Ол полицияда жұмыс істейді және ол мен үшін үлгі үлгі тұтарлық адам болды. Содан кейін, жасөспірім шағымда мен break dance биіне, паркурға, көше акробатикасына қызыға бастадым. Айналамдағы достарым Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің цирк бөліміне түсте бастады. Сол кезде менің де жаңа арманым пайда болды. Мен де цирк бөліміне түскім келіп, бағымды сынап көрдім, сөйтіп грантқа түстім.
— Қалай ойлайсыз, тәуелсіздік жылдары елімізде не өзгерді?
- Иә, әрине, бізде көп нәрсе оң жаққа қарай өзгерді. Біз дамудың куәсі болдық. Біздің көркем астанамыз пайда болды. Мен жарты әлемді аралап көрдім, сондықтан біз әлемнің кез-келген жерінен арта қалып келе жатқан жоқпыз деп айта аламын. Менің ойымша, экономикамен қатар біздің мәдениетіміз де жақсы дамып келеді. Жастардың одан әрі дамуына үлкен қолдау көрсетілуде. Қазір жас ұрпақтың мүмкіншіліктері көп. Мысалы, Біздің бала кезімізде кәмпит жеудің өзі қуаныш болатын. Қазір ондай жоқ. Балаларда ұялы телефондар, сәнді киімдер- барлығы бар, балабақша мен мектепке көлікпен апарып, әкеледі. Балалар — ұлт болашағы, сондықтан бұл мәселеге біздің үкімет бірінші кезекте қамқорлық жасауы керек.
Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз?
- Әйелім менімен бірге жұмыс істейді. Бес жасар ұлымызды тәрбиелеп отырмыз. Оның аты Тамерлан. Ұлымды өзім жаттықтырамын. Ұлым бізбен бірге Central Asia got talent-ке қатысты. Егер ұлым болашақта басқа мамандықты таңдайтын болса, мен демеп, қолдау білдіретін боламын. Бірақ ол әкесі сияқты болғысы келетінін айтады. Өзім күніне шамамен 4-5 сағат жаттығамын. Кешке жұмыстан келген соң ұлым екеуіміз жаттығамыз.
Болашаққа деген жоспарларыңыз қандай?
- Мен цирк әртісімін — және мен мұнымен мақтанамын. Мен акробат-гимнастпын. Жарты әлемді аралап, көптеген дүниежүзілік цирк өнері фестивальдеріне қатысып, Қазақстанның абыройын асқақтатыпскөрсеттім. Қоржынымда Гран-При, алтын, күміс, қола да бар. Әр түрлі елдерден арнайы сыйлықтарға ие болдым. «Украина таланты шоу», Қытай, Central Asia got show ТВ жобаларына қатыстым, біз барлық жерде финалистер болдық. Қаңтар айында British got talent шоуына қатысуға жоспарлап жатырмыз, біз видео-кастингтен өтіп, енді финалға шығамыз. Әрине, бұл ауыз толтырып айтатындай нәтиже емес, бірақ біздің әлі де көмтеген алдыға қо»ған мақсаттарымыз бен жаңа армандарымыз бар! Сол кезде бүкіл әлем бойынша карантин болғандықтан, біз видеокастингтен өттік. Қаңтар айында біз Англияға, Лондонға — финалға жолдама алу үшін өнер көрсетеміз. Егер өтсек, финалға шығамыз және 150 000 долларды құрайтын бас жүлдені жеңіп аламыз деп үміттенеміз, кейін өз арманымдағы үйді саламын. (Күледі). Одан әрі Монте-Карлода (Монако) өтетін фестиваль болады, қазір біз сол жерге бару үшін дайындалып жатырмыз.
Цирк әртісі болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?
- — Бірінші кезекте, бұл цирк өнеріне деген сүйіспеншілік. Цирктің әрбір әртісі өз ісінің жанкүйері. Біз — өнер адамдарымыз және өз кәсібімізге адал қараймыз. Кез келген адам цирк әртісі бола алмайды. Дегенмен, бұл жан дүниесінің түңғиық түбінде қалануы тиіс. Әрине, жетістікке жету үшін көп еңбек ету керек. Әрдайым жақсы күтіну керек. Ұйқы, тамақтану және жаттығу — біз үшін тұтас бір нәрсе. Бірақ карантин көп нәрсеге әсер етті. Қазір енді-енді бұрыңғы қалпымызға келе бастадық.
Сіз Қазақстанды 20 жылдан кейін қандай болады деп ойлайсыз?
- Тәуелсіздік қазақ халқына қанатын кеңінен жаюға мүмкіндік берді. Дамуға серпін берді. Мен шетелде жүргенде мақтанышпен қарайтын өз елтаңбамыз, өз жеріміз, өз тіліміз, өз туымыз бар. Алдағы онжылдықта мен Қазақстанды әлемнің дамыған жиырма елінің қатарынан көремін. Біз бұған бірлескен күш-жігермен келеміз. Бұл жерде біздің жастарымыз, соның ішінде біз де ерекше рөл атқарамыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Мықты денсаулық пен үлкен жетістіктер тілеймін! Жастардың міндеті — тәуелсіздігімізді сақтау және мызғымас құндылықтарымызды балаларға жеткізу.