Украина Әділет министрлігінің басшысы соғысқа жіберу үшін 360 тұтқынға рақымшылық жасалғанын мәлімдеді.
РФ-ның Украинаға басып кіргеннен бері үш рет рақымшылық жасалды. Соғысуға баруға келіскен тұтқындарды түрмеге қайта қамамайды. Бұл туралы Әділет министрі Денис Малюська 17 мамыр күні телемарафон эфирінде хабарлады.
Малюськаның айтуынша, қоғамға қауіп төндірмейтін және шын мәнінде отанды қорғауға баратын адамдарды ғана бостандыққа шығарған. Министр оларды босатар алдында ұзақ уақыт бақылағанын атап өтті.
«Әдетте, бұл жазасын өтеу мерзімі аяқталуға аз қалған адамдарға қатысты болды. Сондықтан оларды кері қайтарудың мәні жоқ, өйткені олар қоғамға қауіп төндірмейді», — деді Малюська.
Ол үш рет рақымшылық жасалып 363 адам түрмеден шығарылғанын айтты.
Министр сондай-ақ, төртінші рақымшылық толқыны әзірге жоспарда жоқ екенін хабарлады, УҚК тиісті сұрау жолдамаған.