Қазақстан Президенті Мусин Қанат Сергейұлын жаңа қызметке тағайындалуына байланысты Әділет министрлігінің басшысы лауазымынан босату туралы Жарлыққа қол қойды.
Еске сала кетейік! Мусин Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Конституциялық соттың судьяларының бірі болды.
Кеше ел президенті парламент сенатының отырысында сөйлеген сөзінде үкіметте ауыс-түйіс болатынын мәлімдеді.
«Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасамақшымын. Жалпы, Үкіметтің алдында тұрған мақсаттар – өте ауқымды және өзекті», — деп мәлімдеді Мемлекет басшысы өз сөзінде.