Дезинфекция: Жексенбі күні Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмыс істемейді

Дезинфекция жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты 27 қыркүйекте, жексенбі күні Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмыс істемейді, деп хабарлады CTS тасымалдаушы компаниясы.

«Жексенбі күні елордада автобустардың қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі», — делінген хабарламада.

Сенбі, 26 қыркүйек күні қоғамдық көлік 23.00 дейін жүреді. Дүйсенбіден бастап қалалық және қала маңындағы маршруттар өз жұмысын қайта жалғастырады.

Сонымен қатар, компания қоғамдық көлікке медициналық бетпердесіз кіруге тыйым салынатынын еске салды.

Добавить комментарий