Деструктивті діни ағымның өкілдері адамдарды қалай өз қармағына түсіреді

Деструктивті діни ағымның өкілдері жаңа ізбасарларды өз қармағына түсіріп, қалай жұмыс істейтіні белгілі болды.

Бүгінде танымал Facebook, ВКонтакте, Instagram және басқа да әлеуметтік желілер діндар адамдардың радикалдануы мен радикалды ұйымдардың қатарына тарту жүргізілетін деструктивті ағымдар идеологиясын насихаттаудың рупорларына айналды. Маңғыстау облысының дін істері басқармасы қазақстандықтарды осындай қауіп-қатерлерден қалай сақтайтынын хабарлады. Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыс және терроризмге қарсы насихат бөлімінің бас маманы Әсет Нұров өз білімімен бөлісті.

Діни сипаттағы қоғамдастықтардың/арналардың ағымдағы мониторингі Facebook, ВКонтакте, Instagram әлеуметтік желілері, Instagram, Telegram, WhatsApp мессенджерлері және т.б. әлеуметтік желілер мен бейнехостингтердің (Youtube) танымал платформалары арқылы жалған исламдық және псевдохристиандық бағыттағы әртүрлі діни оқу-жаттығулардың белсенді таралуын көрсетеді.

Іс жүзіде қоғамдастықтар мен діни сипаттағы арналар көрсетілмеген әлеуметтік желілердің платформалары мүлдем қалмады. Өкінішке орай, олардың көпшілігін деструктивті діни ағымдар көрсетеді.

Кез келген деструктивті діни ағымның іс-әрекетінің принциптері жаратуға емес, жоюға негізделетіндіктен, оның қауіпті екенін түсіну қажет. Олардың көпшілігі діни ақиқатты бұрмаланған контексте түсіндіреді, бұл ретте олар өз іліміне сын көзбен қарауға немесе күмән келтіруге жол бермейді.

Көптеген жағдайда әлеуметтік желілердегі заңға қайшы контенттің (посттар мен пікірлер) авторлары шетелдік, жекелеген жағдайда қазақстандық интернет пайдаланушылар болып табылады.

Пайдаланушылар көбінесе ислам туралы білім іздеп мешітке бармайды, барлық ақпаратты интернеттен табуға тырысады және тәжірибе көрсеткендей, олардың көбі салафиттік аккаунттар мен сол бағыттағы қоғамдастықтарға жазылады. Бұл ретте, бұл топтар мен қоғамдастықтардың атаулары жасырын болады, олар барынша мейірімді, әсерлі және көп контентті қамтиды, және діннен хабары жоқ адамға айтарлықтай тартымды болып көрінуі мүмкін, мәселен, «Маған Ислам туралы айтып беріңіз», «Исламдағы махаббат», «Мұсылман күнделігі», «Пайдалы насихат», «Аль Нұр» және т.б.

Деструктивті діни бағыттағы топтарда болудың қауіптілігі мынада: біріншіден, діннен хабары жоқ адам бастапқыда дін туралы бұрмаланған білімдермен таныса бастайды, іс жүзінде діни қағидалар туралы жалған білім алады, ал бұл оны даму мен рухани жетілуге әкелмейтін қате жолға итермелейді, керісінше оны діни бірбеткейге айналдырады.

Екіншіден — бұрмаланған діни ақпараттың кең ауқымын игеру пайдаланушыны радикалдануға итермелейді. Яғни, бұл жерде «өзін-өзі радиациялау» феномені орын алады, әсіресе ол адамға әлеуметтік, психологиялық және экономикалық факторлар әсер етсе, айқын көрінеді. Мысал ретінде негізінен жастар жасайтын суицидтің жекелеген жағдайлары және жалғыз адамдардың террористік актілерін келтірсе болады.

Үшіншіден, оның өзі қарым-қатынас ортасында бұрмаланған діни ақпаратты таратудың көзіне айналады. Қарапайым лайк басудан, пікір жазудан басталады, сосын радикалды уағыздаушылардың, лаңкестік топ эмиссарларының әсерлі сөздері жазылған суреттер мен бейне материалдарын сала бастайды.

Үш кезеңнен тұратын бұл жолды 3 айдан бір жылға дейінгі уакытта жеке өтеді.

Заңсыз бұрмаланған діни мазмұндағы (салафиттер және т.б.) діни сипаттағы қауымдастықтарға жазылу, сондай-ақ олардың материалдарын таратуға ықпал ететін әрекеттер (хабарламаны басқа платформаларға жіберу, қайта жіберу, репост жасау, лайк басу) қылмыстық жауапкершілікті айтпағанда ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабының 4 бөлігі; 490 бабы 1 бөлігінің 3-тармағы; 490 бабының 3-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі тиісті әкімшілік жазалар (жеке тұлғаларға осы баптар бойынша ең төменгі айыппұл 50 АЕК – 138 900 теңге, ең жоғары мөлшері – 100 АЕК – 277 800 теңге қарастырылған) қолданылады.

Осылайша, діни шындықты іздеу барысында қатардағы пайдаланушы күмәнді діни бірлестіктерге барып, ислам туралы шынайы мәліметтердің орнына жалған салафиттік уағыздаушылардың жазбаларынан, аудио және видео сөздерінен бұрмаланған мәліметтерді алып, Қазақстан аумағында және ғаламтор кеңістігінде радикалдануға және заңсыз әрекеттерге апаратын теріс жолға түседі.

«Бүгінде жастар да үлкендер де әлеуметтік желіде отырады, барлығының өз аккаунттары бар және оны қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланады. Өкінішке қарай, мұны түрлі діни ағымдар мен радикалды ұйымдардың өкілдері шебер пайдаланады. Құрыққа түсіру әдісі өте қарапайым.

Біріншіден, жалдаушылар өздерін жағдайдың құрбаны ретінде көрсетеді.

Екіншіден, олар өздерінің құқықтарына және дініне нұқсан келтіріліп жатқанын айтып, шабуылдарын ақтайды, зорлық-зомбылыққа жауап ретінде жарылыс жасаймыз дейді.

Үшіншіден, қай жерде болсаңыз да, олардың қатарына қосылуға шақырады, ең бастысы, олардың идеяларын, тағылымдарын қолдау, сол арқылы олардың қатарына қосылуға итермелеу», — деді Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Азат Тасболат атап өтті.

Бүгінгі таңда діни радикалдар әлеуметтік желілердің барлық мүмкіндіктерін, соның ішінде әлеуметтік желілердегі таргеттік жарнама мен You Tube видеохостингін және басқа контентті жылжыту құралдарын пайдаланады.

Таргет жарнамасы – пайдаланушы профильдеріндегі жалпыға қолжетімді ақпарат негізінде интернетте мақсатты аудиторияға таратылатын жарнама. Олардың ішінде: жасы, жынысы, хоббиі мен қалауы және пайдаланушы көрсеткен көптеген басқа белгілер.

Мақсатты жарнамада адамдарға тренингке немесе іс-шараға тегін қатысу ұсынылады. Міндетті түрде діни сипаттағы емес. Бұл оқу сабақтары, жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту және біліктілігін арттыру курстары және т.б. Басты мақсат – шараға барынша көп адамдарды тарту.

Добавить комментарий