Дерек Шовин қатаң режимдегі түрмеге ауыстырылды

Афроамерикандық Джордж Флойдтың өліміне кінәлі деп танылған экс-полицейді Миннеаполис маңындағы Миннесота штатында орналасқан Оук-Парк-Хайтс қатаң режимдегі түрмесіне ауыстырды.

Қазіргі уақытта экс-полиция қызметкері жалғыз адамдық камерада қамауда отыр. «Ол Оук-Парк-Хайтс түрмесінде қауіпсіз жерде және күзет қарауында», — деп жергілікті телеарна Миннесота жазаны атқару қызметінің өкілі Пол Шнеллдің сөзін келтіреді.

Штаттың сайтындағы мәліметтерге қарағанда, Оук-Парк-Хайтс — Миннесотада орналасқан ең қатаң режимдегі түрме, онда 473-ге жуық тұтқын қамауда отырған болуы мүмкін.

Миннеаполистегі алқабилер соты сейсенбі күні Шовинді екінші және үшінші дәрежелі кісі өлтіргені үшін сондай-ақ абайсызда екінші дәрежелі кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Бұл қылмыстардың ішіндегі ең ауыры екінші дәрежелі кісі өлтіру болып табылады. Ол үшін ең ауыр жаза — 40 жыл түрмеге қамалады.

Қоғамдық резонанс тудырған сот ісі 8 наурызда басталды. Шовин өткен жылдың 25 мамырында Флойдты ұстау кезінде тұншықтыру әдісін қолданған. Афроамерикалық азамат содан кейін қайтыс болған. 26 мамырда Флойдты тұтқындаған Шовин мен тағы үш құқық қорғау қызметкерін жұмыстан босатылды.

Флойд қайтыс болғаннан кейін АҚШ-та жаппай наразылық шаралары мен тәртіпсіздіктер белең алып, оны басу үшін үшін жергілікті құқық қорғау органдарына АҚШ Ұлттық гвардиясы тартылды. Вашингтон мен Нью-Йоркті қоса алғанда, шамамен 40 қалада коменданттық сағат енгізілді.

Добавить комментарий