Дербес деректерді қорғау: БЖЗҚ ескерту жасады

Қазақстанда телефон арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлардың жиіоеп кетуіне байланысты «БЖЗҚ» АҚ азаматтарға дербес деректерді қорғау туралы ескерту жасайды. Қордың хабарламасында төлем картасының дерегін, SMS-хабарламамен түскен растау кодтарды және тексерілмеген тұлғаларға құпия сөздерді ешқашан айтпау керек екені атап көрсетілген.

Алаяқтар өздерін зейнетақы қорының қызметкерімін деп, зейнетақы жинақтарының заңсыз аударылу жолын кесу туралы тұжырымдарды қоса алғанда, түрлі қулықты пайдаланады. Олар қолданатын әдістерінің бірі азаматтарға SMS-хабарлама арқылы түскен кодты жария етуге көндіру болып табылады.

Қор азаматтардың алаяқтардың арбауына түспеуі үшін бірнеше кеңес берді:

  1. алаяқтардың телефон арқылы жүргізетін «нұсқаулықтарына» мән бермей, әңгімені дереу тоқтату;
  2. өзінің жеке деректерін, SMS-хабарлама арқылы түскен құпиясөзді, төлем картасының деректемелерін, кодтар мен кодты сөздерін ешкімге хабарламау;
  3. дербес деректерін белгісіз және тексерілмеген сайттарға, сондай-ақ, басқа да күмәнді дереккөздеріне сеніп тапсырмау;
  4. ақпарат алу үшін үшінші тұлғаларға хабарласпау және оны тек enpf.kz ресми сайтында немесе Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тексеру
  5. «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері ешқашан төлем карталарының деректемелерін, SMS хабарламамен түскен растау кодтарын, Жеке кабинеттің құпиясөзін және т.б. туралы мәлімет беруді талап етпейді.
  6. Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша БЖЗҚ-да мерзімсіз уақыт бойына сақталады.

 

Добавить комментарий